Қостанай облысында маскасыз автобусқа кіруге болмайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында төтенше жағдайлар режиміне байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Виталий Цойдың айтуынша, бұл шешім 2 сәуірден бастап күшіне енеді.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес барлық автобустар мен такси жүргізушілерінде, жолаушыларында медициналық маска болуы тиіс. Тұрғындар маскасыз автобусқа кіре алмайды. Таксимен екі жолаушыдан артық тасымалдауға рұқсат жоқ. Жеке автомобильдерге төрт жолаушы отыра алады», - деді Виталий Цой агенттік тілшісіне.

Сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысына да шектеу енгізілді. Енді автобустар арасындағы қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін артады. Қоғамдық көліктердің барлығы сағат 20:00-ге дейін жүреді. Соңғы автобус аялдамаларынан 19: 00 кезінде шығады. Шектеуді бұзған көлік иелері жауапқа тартылады.



Фото: top-news.kz

Соңғы жаңалықтар