Қостанай облысында көлігі аударылған әйел жүргізуші көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл-Жолдама жолында болған көлік оқиғасы салдарынан бір әйел мерт болды, бес адам, оның ішінде үш бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, жол апаты «Әулиекөл-Жолдама» автожолының 141-ші шақырымында болған.

«51 жастағы әйел облыс орталығына барар жолда Tayota автокөлігін басқара алмай, жолдың шетіне аударылып кеткен. Жүргізуші әйел алған жарақаттынан оқиға орнында қаза тапты. Бес жолаушы, олардың қатарында 2010, 2014 және 2018 жылғы үш бала ауруханаға түсті», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Басқа жолаушыларға амбулаторлық ем тағайындалды. Tayota автокөлігінде сегіз жолаушы болған.

Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар