Қостанай облысында қарттар үйі өртеніп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қарабалық ауданындағы Қарттар және мүгедектер үйінде өрт басталды. Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарабалық аудандық басылымының хабарлауынша, қарттар және мүгедектер үйінің тұрғындары мектеп жанындағы «Жас талап» интернатында орналастырылып жатыр.

Ал ерекше күтімге мұқтаж адамдар аудандық ауруханаға жатқызылды.

Өрт туралы таңғы 7:30-да хабар келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде ғимараттың шатыры қатты жанып жатқан.

«Қарабалық аудандық Қарттар және мүгедектер үйінен 51 адам эвакуацияланды. Бұл – облысымыздың мүгедектігі бар 13 адам мен 38 қария», - деп баяндады облыстық ТЖД бастығы Біржан Кәрімов.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оның шығу себептері әзірге белгісіз.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар