Қостанай облысында қарбыз тиелген КамАЗ аударылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 қыркүйекте Қостанай ауданының полиция бөліміне Рудный-Қашар күре жолында, Ульяновка ауылынан 15 шақырым жерде үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Аlau.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде Рудный-Қашар күре жолымен Федоров ауданына қарай Volkswagen Polo маркалы көлікті жүргізген 51 жастағы жүргізушінің өзімен жол-жөнекей келе жатқан КамАЗ көлігін басып озу кезінде қауіпсіздік ережеcін сақтамай, қарсы жолда келе жатқан «Ford» маркалы көлікпен соқтығысып, одан кейін КамАЗбен соқтығысқаны белгілі болды.

Жол апаты салдарынан 30 тонна қарбыз тиелген КамАЗ жол жиегіне аударылды.

Аталған факті бойынша материал жиналды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері жүк көлігін жолдың жиегінен шығаруға түнге дейін көмектесті.



Соңғы жаңалықтар