+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қостанай облысында карантин талаптары өзгерді

2020 жылғы 28 қазан 19:16
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында карантин талаптары өзгерді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы аумағында карантин шараларға өзгерістер енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында карантин 7 желтоқсанға дейін созылды Желтоқсан мен қаңтарда карантин қатаңдауы мүмкін Жағдай күрделенсе, карантин режимін күшейтеміз - Бақытжан Сағынтаев

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері В. Нечитайло қаулысымен карантин шараларына өзгертулер енгізілді. Жаңа толықтыруларға сәйкес, аквапарктердің қызметіне тыйым салынды.

Сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру объектілері 30 адамнан артық келушілерді қабылдамайды. Ал жұмыс режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді.

Ұжымдық іс-шаралардың өтуіне де тыйым салынды. Дәмханалар «тұтынушыға жеткізу» қағидатымен ғана жұмыс істейді.

Ашық ауадағы аттракциондардың қызметіне рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстар көрерменсіз өтеді. Бұл ретте жарыстар бас санитар дәрігердің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ұйымдастырылады.

«Облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беріледі. Жаттығуға 30 адамнан артық қатысуға рұқсат етілмейді» делінген ведомство хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT