+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

2021 жылғы 21 сәуір 00:05
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен үш тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Пд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 2 жасар қыз екінші қабаттағы терезеден құлап кетті Петропавлда11 жасар қызды көлік қақты АҚШ-та лотерея билетін кір жуғыш машинаға салып жіберген әйел 26  млн доллардан айырылды

«Үш адамның денесі табылды. Олардың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмайды. Жасалған сараптама нәтижесі олардың суықтан үсіп қайтыс болғанын көрсетіп отыр» делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұған дейін аудандық полиция бөліміне Аманқарағай ауылының 46 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 2020 жылдың 20 қарашасында үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен күйеуі — 49 жастағы Луковенко Сергей Леонтьевичке іздеу салған. Оның денесін 2021 жылғы 19 сәуір күні жергілікті тұрғын тауып алған.

Сондай-ақ, 19 ақпан күні Диевка ауылының 35 жастағы тұрғыны Феоктистов Юрий Николаевич жоғалып кеткен. Оны да әйелі іздеп, полицияға хабарласқан. Марқұмның денесін 19 сәуір күні жергілікті кәсіпорынның жұмысшысы тауып алды.

Сондай-ақ, 19 сәуір күні полиция қызметкерлері жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесінде Құсмұрын ауылының маңынан Мифтахова Валентина Антоновнаның денесі табылды. Ол биыл 6 наурызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Автор: Жанна Мусабаева



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT