Қостанай облысында халықаралық іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының тәртіп сақшылары Мемлекетаралық «Іздестіру» операциясына қатысып, халықаралық іздеуде жүрген 15 күдіктіні ұстады. Оның ішінде 5 қылмыскер ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықаралық іздеудегі қылмыскерге 2019 жылы іздеу салынды. Ол Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Іздеу шараларын Қостанай қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі бастаған. Қылмыс 2019 жылғы 27 желтоқсанда Қостанай қаласындағы Складская көшесінде болған. 4 күдікті ер адамның көзіне жас ағызатын газ шашып, екі миллион теңге ақшасын алып кеткен. Үш күдікті ұсталып, біреуі шетелге қашып кеткен», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Тағы бір қылмыскер Тобыл қаласында қолға түсті. 26 жастағы ер адам қылмысын Ресей Федерациясының аумағында жасаған. Полицейлер мемлекетаралық іздеуде жарияланған тағы 13 күдіктіні ұстады. Оларға түрлі дәрежедегі қылмыстарды жасағаны үшін айып тағылды.

Бұдан бөлек, қостанайлық полицейлер із-түссіз жоғалып екі адамды тапты.


Соңғы жаңалықтар