Қостанай облысында «Халық алғысы» медалінің иегерлері анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 127 адам «Халық алғысы» медаліне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық алғысына ие болғандар облыс әкімдігінде өткен «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы аясында марапатталды. Он адамға өңір басшысы Архимед Мұхамбетов медаль тапсырды. Қалған 117 адам кәсіби мерекелер мен Астана күні қарсаңында марапатталады. Жалпы «Халық алғысы» медаліне облыстан 40 медицина қызметкері, 25 полицей, 21 әлеуметтік сала қызметкері, 21 ерікті, 8 үкіметтік емес ұйым өкілдері, 6 меценат, 2 мемлекеттік қызметші, 2 журналист және 1 мәдениет саласының өкілі қол жеткізді.

Онлайн-форум барысында қатысушылар президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетіліп, індетке қарсы күреске белсенді атсалысып жүрген түрлі саланың өкілдері сөз алды.

«Халық алғысы» медалін алған алғашқы ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер мен меценаттар, қоғам белсенділері мен еріктілер бар. Олар:

1. Мәжікенов Құрмет Кенжаханұлы - Қостанай облысының КПСБ бастығы;

2. Михайленко Владимир Алексеевич - «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының» бас дәрігері;

3. Штейгервальд Ирина Анатольевна - «Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының» бас дәрігері;

4. Семейбаев Сырым Сайранбекұлы - «Сарыарқаавтопром» ЖШС директоры;

5. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы - «Олжа Агро» ЖШС Бас директоры;

6. Моргунов Максим Валерьевич - «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы;

7. Оспанов Дүйсенғали Сұлтанұлы, «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы;

8. Өтебаев Дамир Еркінұлы – ерікті;

9. Мырзабекова Айгүл Сейпұлқызы, Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ директоры.

10. Кан Владимир Анатольевич «Межрегионэнерготранзит» ЖШС бас директоры.


Соңғы жаңалықтар