Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рудный қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындайтын наркологиялық зертхана қызметіне тосқауыл қойды. Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны автокөлік гараждары аумағынан бір гаражды қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін жалға алған. Зертханаға айналған гаражды тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308 грамм «мефедрон» психотроптық заты бар 446 zip–пакет тәркіледі. Гараждан кофе тартқыштар, электронды таразылар, этил спирті, есірткіні орауға арналған электрлік таспалар сынды бүкіл арсенал алынды», - деді ол.

Реми өкілдің айтуынша, аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

«Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған күдікті енді мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар