Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмекке өтінім қабылдана бастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – АӘК алуға қажетті құжаттарды онлайн тапсыруға болады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдер екінші тоқсанға қабылданады.

«1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруші ЭЦҚ-мен электронды үкімет порталына кіріп, АӘК-ке өтінім бере алады. Мүмкіндігі жоқ, яғни компьютері немесе интернеті жоқ адамдар жұмыспен қамту бөліміне, жұмыспен қамту орталығына немесе өздері тұратын ауылдық округ әкімдігіне жүгіне алады. Немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына барып, осы қызметті алуға болады», – деді М. Устинов.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде атап өткендей, онлайн өтінім беру коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жасалды. Құжаттар egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.


Соңғы жаңалықтар