+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қостанай облысында асыл тұқымды репродуктордың құрылысы басталды

2020 жылғы 23 қараша 21:54
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында асыл тұқымды репродуктордың құрылысы басталды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Арқалық қаласында бес мың ірі қараға арналған бірінші деңгейдегі бордақылау алаңы салынады. Бұл туралы Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында ауыл шаруашылығы саласының жұмысы қорытындыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхаметовтің айтуынша, соңғы жылдары өңірде төрт түліктің саны өскен. Өндірістік сектор нығайып, облыс бойынша 1359 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мал өсіреді.

«Отыз үш шаруашылық сүт өндірумен айналысады. Соның 10 шақтысы ірі сүт-тауар фермасына жатады. Мәселен, биыл Федоров ауданында ашылған «Бүркіт» ЖШС-де күніне жүз сиыр сауылады. Жыл соңына дейін Жітіқара ауданының «Шаденов» шаруа қожалығында 80 басқа арналған тағы бір сүт-тауар фермасы ашылатын болды. Қостанай ауданының «Аққұдық» ЖШС-де сүт-тауар фермасын 140 басқа арттыру жоспарланған. Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту үшін облыста бір мезгілде 26 мың малға арналған бірінші деңгейдегі мамандандырылған бордақылау алаңдарының желісі құрылды.Арқалық қаласында бес мың ірі қараға арналған бірінші деңгейдегі бордақылау алаңының және 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысы басталды. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Қостанай облысында ет өңдеу көлемі мен экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынған. Қостанай қаласында «Биф Экспорт Групп» ЖШС жылына 20 мың тонна ет өңдеу зауытын салмақ. Жобаның құны 5,7 млрд теңге. Өндіріс орны ашылғанда 184 адам жұмыспен қамтылады. Жаңа кәсіпорын жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл ет өнімдерін қайта өңдеуді 30% арттырады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биыл ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерге риза екенін айтты. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды, алда күрделі кезең күтіп тұр. Тиісінше, сала мамандары мен шаруаларға қойылар міндет те жоғары.

«Өсірілген өнімнің көлемі облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы нарықтарға өткізу үшін жеткілікті. Облыстың мал шаруашылығы мен қайта өңдеу саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және іске қосу жалғасуда, қосылған құны бар тауарлар шығаруды одан әрі ұлғайту, оның ішінде астықты терең өңдеу бойынша өндірістер ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жақын арада өндірісті одан әрі жаңғырту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, облыстың жалпы экспорттық әлеуетін арттыру міндеттері тұр», – деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанай өңірі елде ұн өндіру жөнінен бірінші, сүт бойынша екінші, сары май, йогурт, жарма, макарон өнімдерін өндіру бойынша үшінші орын алады. Бұл көрсеткіш агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін артта түскенін көрсетеді. Биыл 247 млн АҚШ долларынан астам ауылшаруашылық өнімдері экспортқа шығарылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT