+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қостанай облысында Армениядан әкелінген көліктерді тіркейтін шұғыл желі құрылды

2020 жылғы 22 мамыр 23:36
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында Армениядан әкелінген көліктерді тіркейтін шұғыл желі құрылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полициясы Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге арналған «Шұғыл желі» құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, Армениядан әкелінген көлікті уақытша тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8-708-475-38-29; 8-7142-75-38-29. «Шұғыл желі» 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандар көлікті қалай уақытша тіркеуге болатынын және аталған қызметтің құнын айтады.

«ҚР Үкіметі 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Көліктерді тіркеу биылғы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жүргізіледі. Тіркеу жарнасы 695 теңге болса, куәлік үшін 3473 теңге төлейсіз. Ал мемлекеттік тіркеу нөмірінің бағасы – 7778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 946 теңге болады», - делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде уақтылы тіркелмеген, ЕАЭО әкелінетін автомобильдерге қатысты проблема туындағанын атап өткен еді. Бұл мәселені шешу үшін Президент Үкіметке Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT