+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қостанай облысында Армениядан әкелінген 438 көлік тіркелді

2020 жылғы 30 тамыз 10:41
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында Армениядан әкелінген 438 көлік тіркелді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысына Армениядан 763 көлік әкелінген. Бүгінде соның 438-і тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады Қаңтар-тамызда елімізде жарты миллионға жуық жеңіл автомобиль тіркелген ЕАЭО аумағында электронды ПТС жүйесіне көшу шарасы 2021 жылға қалды

Армениядан әкелінген оң жақ рөлді көліктердің 70-і қайта жабдықталған, яғни рөлі сол жағына ауыстырылды. Мәселен, көлік иесі Мұхамеджан Әлімғазин ауылдан Қостанай қаласына арнайы келіп, көлігін тіркеуге қойды. Бұған дейін ол алыстағы шаруашылықта егін жинау науқанында болған.

«Сол себепті көлігімді есепке қоюға ыңғайлы уақыт болмады.

«Альфард« көлігін Армениядан әкелдім, әуелде есепке қою мәселесі шешілмегесін ақырын күттім. Кейін жеңілдетілген жүйе бойынша тіркеуге қоюға бел будым. Бұдан соң дала жұмыстары басталды. Демалыс күні ХҚКО жұмыс істегені ыңғайлы болды, бүгін автокөлікті тіркеуге қойдым», - дейді ол.

Қазір армян көліктердің бар облыс тұрғындары ай сайын өткізілетін «Жолда қабылдау» акциясын асыға күтеді. Олар полицияға сұрақтарын интернет желісі арқылы қоюға дағдыланған. Бүгінгі қабылдауда 20-дан астам сұрақ қойылды.

«Жолда қабылдау» акциясын әкімшілік полиция бастығы Андрей Григоревский және жергілікті полиция бастығының міндетін атқарушы Жеңіс Бисембаев өткізді.

Акцияның алғашқы екі сағатында армян нөмірлерімен үш автокөлік есепке алынды, олардың бірі — қайта жабдықталған машина.

Облыста Армениядан әкелінген 438 машина және 70 қайта жабдықталған машина тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT