Қостанай облысында алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында алкоголь өнімдерін күніне тек үш сағат – 12:00-ден 15:00-ге дейін сатуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 қаңтардан бастап барлық сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарында алкоголь өнімдерін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін сату рұқсат етілді. Тиісті құжатқа Қостанай облысының коменданты қол қойды», - деп хабарлады комендатурадан.
Еске сала кетсек, Қостанай облысында 6 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Тиісті қаулыға Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков қол қойды.
Елдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты Қостанай ауданында көлік ХҚКО мен облыс өңірлеріндегі тоғыз арнайы сектор жұмыс істей бастаған. Қостанай облысының аумағында 11 блок пост алынды.


Соңғы жаңалықтар