Қостанай облысында 81 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында COVID-19 вирусына қарсы жүйелі шаралар қолданылып жатыр.

Осы жылдың 8 шілдесіндегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1203 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 625 – симптомдық, 578 – симптомсыз. 359 адам ауруынан жазылып шыққан.

«Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің 6 жағдайы тіркелді. Сырқаттанғандардың 56% профилактикалық зерттеулер жүргізу барысында ауруға шалдыққандармен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Науқастардың дені медициналық мекемелерге өздері жүгінген кезде анықталған. Медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары алаңдатады. Қазіргі уақытта осындай 81 оқиға тіркелді. Оның ішінде 26 дәрігер, 55 орта және кіші буын медицина қызметкері бар. Ондағы 7 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатысқан»,- деп атап өтті облыс басшысы брифинг барысында.

Өңірде коронавирус инфекциясының диагностикасы 5 зертхана базасында («Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертханалары, «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасындағы зертхана) жүргізіледі. Жалпы мұнда тәулігіне 2000-ға жуық тест алынады. Осыған дейін зертханаларда барлығы 46 мыңға жуық зерттеу жүзеге асырылған.


Соңғы жаңалықтар