Қостанай облысында 74 елді мекенге табиғи газ тартылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірді газдандыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста газбен жабдықтау жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» өндірістік филиалы жүзеге асырады. Табиғи газ «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырынан келеді. Өңірде газбен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 3965 шақырым.

«Қостанай облысы ҚР-ның 12 газдандырылған өңірінің қатарына кіреді және газдандыру деңгейі бойынша 10-орында. 529 елді мекеннің 73-і немесе 491,5 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. 2020 жылы облыстың елді мекендерін газбен жабдықтаудың 9 жобасын іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде Алтынсарин ауданы Қосқұдық ауылының, Федоров ауданы Федоров ауылының газ тарату желілері пайдалануға берілді. Осы жылы Әулиекөл ауданының аудан орталығын газдандыру аяқталады және Қостанай ауданының Шеминовка және Озерное ауылдарына газ құбыры салынады. Осылайша, облыстың 74 елді мекені газдандырылады», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Дәурен Асқаров.

2021 жылы ҚР Энергетика министрлігі облысты газдандыру үшін 2 жобаны іске асыруға 823,846 млн теңге бағыттады. Сондай-ақ, келесі жылы облыстық бюджеттен Қамысты ауданының Алтынсарин ауылына газ тарату желілерін салу үшін 250 млн теңге қаражат бөлінеді.


Соңғы жаңалықтар