Қостанай облысында 58 адам қар құрсауынан шығарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 58 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару бөлімі қызметкерлерінің күшімен 3 жүк көлігі және 18 жеңіл автомобиль қар құрсауынан шығарылды. Барлығы 58 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 3 сәби болған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.


ТЖД өкілдері облыс тұрғындарын боран күндері барынша сақ болуға шақырады. Сондай-ақ алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Бұған дейін Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласында жарық өшіп қалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар