Қостанай облысында 54 шетел азаматы тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 54 шетел азаматы тұтқындалды.

«Қостанай шекарасы» стационарлық бекетінде 53 Өзбекстан және бір Әзербайжан азаматы бар автобус тоқтатылды. Полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны анықталды. Олар еліміздің аумағында тіркеусіз жүрсе, кейбіреулерінің тіркелу мерзімдері біткен. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қостанай мамандандырылған әкімшілік соты қарады. Сот отырысы барысында Өзбекстан азаматтары Астана қаласында құрылыста жұмыс жасап, кейіннен ақша табу мақсатында Челябинскіге (Ресей) аттанбақшы болғандарын айтты. Еліміздегі шетел азаматтарының ережесін бұзғандарын заңнаманы білмейтіндігімен түсіндірді.

«Соттың үкімімен шетелдік азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып, 1-ден 5 тәулікке дейін әкмішілік қамауға алынды (баптың санкциясы 15 тәулікке дейін қаралады)», - деп хабарлады Қостанай қалалық прокуратурасының прокурор бөлімінен Айдар Бекназаров.

Соңғы жаңалықтар