Қостанай облысында 5000 жұмыс орны ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Биыл Қостанай облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 27,4 млрд теңгеге несие берілді. Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат жиынында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Биыл өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына коронавирус пандемиясы айтарлықтай әсер етті. Соған қарамастан «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыру арқылы кәсіпкерлердің табысы сақталып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы, «Бизнестің жол картасын» іске асыруға биыл 5,8 млрд теңге бөлінді. Ал бағдарлама басталғалы 2 мыңнан астам жоба қолдау тапқан.

«Кредиттерді субсидиялауға мақұлданған жобалар саны 54,9% ұлғайды. Бұл, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Мемлекеттік бағдарлама қатысушылары үшін 4924 жаңа жұмыс орны құрылып, 26589 жұмыс орны сақталды. 77,2 млрд теңге салық аударымдары төленді. Үкімет Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруына мүмкіндік жасап отыр. Енді кәсіп иелері екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялай алады. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты дағдарысқа қарсы шаралар аясында қолға алынды», - деді Олжас Сапарбеков.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан-қала әкімдері мен басқарма басшыларына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының сапалы орындалуын, жоғары индикаторларды төмендетпеуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар