Қостанай облысында 34 жастағы әйел танысын пышақтап өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 34 жастағы әйел бірге тұратын ер адамына пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылында болған.

«34 жастағы жергілікті тұрғын бірге тұратын 40 жастағы ер адамның мойнына пышақ салды. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасағаны үшін күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен соталды тексеру шаралары жүріп жатыр.

фото: bagnet.org/news/accidents
Соңғы жаңалықтар