Қостанай облысында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 13 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде нақты шараларды қолға алуды тапсырды.

«Біздің облыста бағдарлама аясында 13435 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 6718 адам жұмысқа орналасты. Мобильді рекрут пункттері ашылады, ол арқылы әкімдіктер коронавирусқа жедел тестілеу, қызметкерлерді жинау және жаңа жұмыс орнына дейін тасымалдау шараларын жүргізеді. Түсіндіру жұмыстарына «Nur Otan» партиясы мен қоғамдық ұйымдар белсенді түрде қосылуы тиіс.

Президент тапсырған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмыс берушілер лайықты еңбек жағдайларымен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті», - деп тоқталды облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бизнеске қолдау көрсету шараларыгда іркіліс болмайды. Ең алдымен, төлемдер мен қарыздар бойынша кейінге қалдыру, салықтық преференцияларға назар аударылады.

Айта кетейік, Қостанай облысында 51494 шағын және орта бизнес ұйымы жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар