Қостанай облысына құс тұмауына қарсы 370 мыңға жуық вакцина жеткізілді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 370 мыңға жуық данасы келіп түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық дәрі-дәрмектер Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық препараттарының республикалық қорынан бөлінген. Құстарды вакцинациялау ауру ошағы табылмаған елді мекендерден 25 километр радиуста буферлік аймақта өтеді.

«Облысқа барлығы 366218 вакцина әкелінді. Қазіргі уақытта жеке қосалқы шаруашылықтарда 170 470 бас құс егілді, құс фабрикалары өз қаражаты есебінен вакцинация жүргізуде. Жалпы облыс бойынша 429 801 бас құс егілді. Осы уақытқа дейін өңірде әр түрлі құстардың 372 136 басының өлімі тіркелген», делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекеттің айтуыншағ қазір құс тұмауына қатысты жағдай толық бақылауға алынды.

«БАҚ, интернет-ресурстар арқылы халық арасында профилактикалық іс-шаралар, құнын өтеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Облыстың жергілікті атқарушы органы құс тұмауын тұрақтандыру және одан әрі таралуын болдырмау жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауда», - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Бұған дейін Арқалық қаласындағы құс фабрикасында 296 446 құс қырылып қалғаны белгілі болды.




Соңғы жаңалықтар