Қостанай облысына коронавирусқа қарсы 1300 вакцина әкелінеді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңес барысында коронавирусқа қарсы вакцинацияны ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. 2021 жылдың 1 ақпанында коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстан бойынша таратылады. Соның ішінде Қостанай облысына әкелінетін вакцинаның бірінші партиясы 1300 дананы құрайды.
Вакцинациялау үшін адамдар контингенті анықталды. Олар: инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызметтің қызметкерлері.
Медициналық ұйымдардың жанында вакцинация кабинеттері дайындалды, сондай-ақ көшпелі мобильді топтар құрылды. Өңірде сенбі және жексенді күндері ауданы 2 мыңнан асатын азық-түлік емес сауда нысандары мен жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтайды. Бұған қоса СПА орталықтардың, спорт нысандарының қызметіне, қоғамдық көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Кеңес қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов КВИ-ның одан әрі таралуына жол бермеу шараларын жалғастыруды, сондай-ақ халыққа вакцинация жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
- Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді
- Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды
- Қазақстанда 653 адам коронавирус жұқтырды
- Полицейлер Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады
-
Чехия коронавирустың тарауы жағынан Еуропада көш бастап тұр
-
Атырау облысында карантин шаралары жеңілдеді: жаңа қаулы жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам