Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
ПЕТРОПАЛ. ҚазАқпарат – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 22 қаңтарда күндіз, 23 қаңтарда тәулік бойы қар жауып, бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетіп, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.

22 қаңтарда Петропавл қаласныда күндіз, 23 қаңтарда тәулік бойы қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай облысында 22 қаңтарда күндіз, 23 қаңтарда түнде қар жауады, бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да асып кетуі ықтимал.


Соңғы жаңалықтар