+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қостанай емханаларына 20 санитарлық көлік тапсырылды

2020 жылғы 28 тамыз 19:09
Бөлісіңіз:
Қостанай емханаларына 20 санитарлық көлік тапсырылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының аудан-қалаларындағы ауруханаларға «УАЗ» маркалы 20 санитарлық көлік тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында медицина қызметкерлері марапатталды Отандық  фармацевтикалық зауыт  жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады Алматылық дәрігер тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге шақырды

Пандемияға қарсы күрес аясында облыста медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жоспар бойынша белсенді жүзеге асуда. Соның бір мысалы – емханаларға санитарлық көліктердің тапсырылуы.

Қазақстандағы ресейлік «УАЗ» маркалы автомобильдердің ресми дистрибьюторы «Вираж» компаниялар тобы 30 автокөлікті облыс өңірлеріне құрастырып беруге келіскен. Бүгін соның 20-сы берілді. Қалған 10-ы жақын арада пайдалануға ұсынылады.


Көлік тапсыру рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды. Облыс әкіміне көлік сапасы мен кабинаға жабдықталатын медициналық құрылғылар туралы ақпарат берілді. Санитарлық көліктерді сатып алуға 184 млн теңге жұмсалған

Айта кету керек, бұған дейін, осы жылдың сәуір айында облыс басшылығы нақ осындай 80 санитарлық көлік сатып алып, қалалар мен аудандарға үлестірілген еді.

Жалпы, өңір ауруханаларын сұранысқа ие қызметтік көлікпен қамту – медициналық ұйымдарға пандемия кезеңінде көрсетілген үлкен қолдау, сондай-ақ аудандардағы санитарлық транспорт базасын жаңарту мәселесін түбегейлі шешуге жасалған маңызды қадам екені сөзсіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT