Қостанай ауданында шенеуніктер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.

Шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Алау ТВ ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар шағын және орта бизнес субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн. теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Тергеу амалдары жалғасуда. Лауазымды тұлғаларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар