Қостанай ауданында 50 МВт «Ыбырай» жел электр стансасы салынып жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Қостанай ауданында салынып жатқан «Ыбырай» жел электр стансасының құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын «Ыбырай» жел электр стансасының құрылысын тексердім. Бұл нысан жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Жобамен әрқайсысының қуаты 3,2 МВт 16 жел мачтасын салу көзделеді.

Бүгінгі таңда 7 мачта орнатылды, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2 қаңтардан бастап 12 адам тартылған әкімшілік-тұрмыстық кешенде әрлеу жұмыстары қайта жанданды», деп жазды әкім Instagram -дағы парақшасында.
Нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың шілдесіне жоспарланған.
Облыс әкімі жоспарланған барлық жұмысты уақытылы және сапалы аяқтауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар