Қостанай әкімінің айлық жалақысы қанша

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов айына 500 мың теңгеге жуық жалақы алады. Бұл туралы қала әкімі «Антикорлайф» эфирінің тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эфир барысында Қайрат Ахметов тұрғындарға қалалық мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың негізгі мәселелері туралы айтты. Сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы және ашық жағдайлар жасау қажеттігіне тоқталды.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бастамашы болған «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» акциясына қолдау білдіремін. Бір айлық еңбек табысым туралы осы эфирдің көрермендеріне айтқым келеді. Менің бір айлық жалақым 484 мың теңгені құрайды», - деді қала басшысы.

Еске сала кетейік, өткен аптада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің жалақысын жария еткен болатын. Облыс басшысының айлық табысы 750 мың теңгеден асады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың адалдық және ашықтық қағидаттарын іске асыру.

«Тек жария транспаренттілік қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз етуге жағдай жасауға қабілетті», - дейді олар.


Соңғы жаңалықтар