Коста-Рика екі ай бойы баламалы энергиямен өмір сүрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы орталықамерикалық шағын мемлекет - Коста-Рика 150 күн бойы тек қана жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып келді. Оның екі айдан астам мерзімі, яғни, 76 күні 16 маусым мен 2 қыркүйек аралығына сәйкес келді, деп хабарлады Mashable елдің Электр институтына сілтеме жасап.

Осылайша, аграрлы-туристік мемлекет тағы бір мәрте қазба электрэнергия көздерінен бас тартудың тиімділігін дәлелдеді. Оның орнына тұтас мемлекет күн және жел стансаларын, жер қойнауы жылуын, гидроэнергетиканы пайдаланады.  Тек қана гидростансалар тамыз айында елдегі барлық энергияның 80 пайызын қамтамасыз еткен. Тағы 12,6%-ын геотермальді стансалар берсе, жел стансалары - 7,1%-ын, ал күн стансалары жалпы энергияның 0,01%-ын құраған. Өткен жылы Коста-Рика 299 күн бойы мұнай, көмір немесе табиғи газ жақпай өмір сүрді.

Коста-Рикада индустрализация деңгейі төмен, жанармай жағу арқылы  үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуді талап ететін ірі өндіріс нысандары жоқ. 

Соңғы жаңалықтар