Қосшыға қала мәртебесі қашан беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшыға қала мәртебесін беру жұмыстары жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қосшы ауылы қарқынды дамып келеді. Елді мекен аумағы кеңейтіп жатыр, осы орайда тиісті инфрақұрылым қажет болып тұр. Қазіргі кезде ауылға облыстық маңыздағы қала мәртебесін беруді қарастыратын алгоритм әзірленді», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар тілшілер Қосшыға қала мәртебесін беру мәселесін қарастыру қай деңгейде екені туралы сұрақ қойылды.

«Бұл мәселе бойынша жол картасы жасалды және ол 28 пунктіден тұрады, соның 21-ін орындадық. Осы орайда Үкіметпен бірлесе тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», - деді Ермек Маржықпаев.

Оның айтуынша, Қосшыда қазіргі кезде 60 мыңнан астам адам тұрып жатыр.

«Оны барлығы растап отыр. Электр энергиясы абоненттері бойынша және басқа да көрсеткіштер аясында тұрғындар саны шамамен көрініп тұр. Алайда қала мәртебесін беру үшін санақ жүрген кезде тоқтап қалдық. Қала мәртебесін алу үшін 50 мың тіркелген тұрғын болуы керек. Екі айдан астам уақыт бойы осы мәселемен айналыстық, адамдар тіркеуге тұрғылары келмейді. Олар Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуде тұрып, бірақ Қосшыда тұрғылары келеді», - деді әкім.

Бұл тұрғыда ол тиісті жұмыстар жалғасып, Қосшы бойынша құжат мемлекеттік орталық органдардың келісуінде жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар