Корпоративтік жемқорлық мәселесіне ерекше назар аудару қажет – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне қатысты Үкіметке жаңа міндет жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қатысты бөлек реформа жүзеге асырылатын болады. Біз жемқорлықтың себебімен емес, салдарымен күресуіміз керек. Парақорлыққа қатысты жүйелі талдау жасау қажет. Шенеуніктердің бизнес пен қарапайым азаматтардың шаруасына қандай бір әсер ету ықпалын азайту керек. Бұл шаруаға шынайы түрде кіріскен жөн.

Агенттік сыбайлас жемқорлықпен күресудің стратегиялық жобасын әзірледі. Ендігі уақытта аталған жобаны Кәсіпкерлер қауымдастығымен талқылаған жөн. Және осы орайда корпоративтік жемқорлық мәселесіне де ерекше назар аудару қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы еліміздің табиғи байлығын қолдануға қатысты атап өтті.

«Табиғи байлықты тиімді қолдануымыз керек. Үкімет кен орындарына ревизия жүргізіп, пайдаланылмай жатқан кен орындарын жандандыру үшін отандық және шетелдік инвестицияны тартуға күш салу қажет. Егер кен орны біреудің меншігінде болып, ол қолданылмай жатса, оны қайтару керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар