Короновирус: Ақмола облысында 89 науқастың жағдайы ауыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында короновируспен ауырып жатқан 89 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы брифингте өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Шағыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні Ақмола облысында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға стационарлық медициналық көмекті 1750 инфекциялық және 195 реанимациялық төсек орны бар 23 медициналық ұйым көрсететінін атап өтті. Оның ішінде 730 инфекциялық (42%) және 84 реанимациялық (43%) төсек орын бар.

«Коронавирустық инфекцияның салдарынан 89 науқас реанимацияда ауыр хәлде жатыр. Өткен аптада олардың саны 104 болды, яғни 14 пайызға азайды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне КВИ-дан 385 өлім жағдайы тіркелді, Өткен аптада - 151, ұлғаю – 9 пайыз, өлім көрсеткіші-0,5. Денсауылқ сақтауды дамытудың республикалық орталығының мәліметтері бойынша жыл басынан бері КВИ u07.1 және U07.2–ден 429 адам қайтыс болды (u07.1 коды расталған жағдайдың анықтамасына сәйкес келеді, u07.2 коды - коронавирустық инфекцияның ықтимал жағдайы-шамамен.). Стационарлық емде 814 науқас жатыр, 20 пайызға азайғаны, 4650 пациент амбулаториялық емде, мұнда 2,4 пайызға ұлғайғаны байқалады», - деп бөлісті Н.Шағыров.

Ол атап өткендей, өңірде соңғы аптада - 2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында - COVID-19–дың 1510 жағдайы тіркелген, ал алдыңғы аптада-1823, яғни 0,7 есе төмендегені байқалады.



Соңғы жаңалықтар