Коронавирустың жаңа штамы: Оңтүстік Африка Республикасымен қандай елдер әуе қатынасын шектеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Африканың оңтүстігінде атауы B.1.1.529 деп белгіленген коронавирустың жаңа штамы анықталып, бірқатар елдер Оңтүстік Африка Республикасымен әуе қатынасын тоқтата бастады. Жаңа штамның мутациялану қабілеті өте жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

ОАР-мен әуе қатынасын шектеген, сол елден келгендерді кіргізуге тйым салған елдер қатары көбейді.

Германия (әуе компанияларына ОАР аумағындағы ФРГ азаматтарын алып қайтатын рейстерді ғана жасауға рұқсат берді).

Израиль (Африканың барлық елдеріне баруға тыйым салынды, бұл құрлықтың солтүстік бөлігіндегі елдерге қатысы жоқ).

Ұлыбритания (ОАР-мен қатар Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Намибия, Эсватини елдерімен әуе қатынасын тоқтатты).

Сингапур (ОАР, сонымен қатар Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Мозамбик, Намибия, Эсватиниден келетін шетелдіктерді қабылдамайды).

Бахрейн (ОАР, Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Лесото және Эсватиниден келетіндер кіргізілмейді).

Италия (ОАР, Лесото, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Намибия және Эсватиниге келетіндерге тыйым салынды)

Нидерланд (ОАР-дан келген жолаушы Схипхол әуежайында қалуы тиіс).

Марокко (ОАР-дан келгендер қабылданбайды).

Франция (ОАР, Лесото, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Намибия, Эсватиниге әуе қатынасы тоқтатылды).

Чехия (ОАР, Намибия, Лесото, Свазиленд, Зимбабве, Ботсвана, Мозамбик мен Замбияда соңғы екі аптада 12 сағаттан астам уақыт болған азаматтардың келуіне тыйым салынды).

Аустрия (ОАР, Лесото, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Намибия, Эсватинимен әуе қатынасын шектеді).

Малайзия (азаматтарына ОАР, Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Мозамбик, Намибия және Эсватиниге баруына тыйым салды).

Ресей (ОАР, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания аумағында тұратын шетелдіктердің елге келуін шектеді).

Соңғы жаңалықтар