Коронавирустың өте көп мутациясы болады – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың өте көп мутациясы болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір өте көп мутация болады. Оны өздеріңіз де таяу уақытта түрлі штаммдар пайда болған кезде көресіздер. Өзге вирустар сияқты және мұнан жалтара алмаймыз. Сондықтан біз дайын болуымыз қажет. Денсаулық сақтау жүйесі кез келген қатерге төтеп беру үшін бейімделіп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Бұған дейін министр сараптамаларды соңғы секвестрлеу барысында Қазақстаннан үнді штамм анықталмағанын , мұндай зерттеулер тұрақты түрде жүргізілетіндігін айтқан болатын.




Соңғы жаңалықтар