Коронавирустың «Омикрон» штамы Ұлыбританияда 2 адамнан табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың жаңа штамы Оңтүстік Африкадан бөлек, «Омикрон» Бельгия, Израиль, Ботсван және Гонконгте табылды. Сенбі күні жаңа нұсқаның анықталғаны туралы Чехия мен Германия жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, вирустың жаңа мутациясы Ұлыбританияда екі адамнан табылды, деді елдің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид. Оның айтуынша, екі жағдай да өзара және Африкамен байланысты. Науқастар қазір үйлерінде оқшауланып жатыр.

Ел премьері Борис Джонсон «Омикрон» түрінің тез таралатынын мәлімдеді.
Израиль үкіметінің жауапты министрлері сенбі күні «Омикрон» нұсқасымен күресу тәсілдерін талқылады, деп хабарлады «Гааретц» газеті.
Бүгінде Израильде Малавиден келген әйелдің «Омикрон» жұқтырғаны анықталған. Тағы жеті науқас осы штамм жұқтыруы мүмкін деген қауіп тудыруда, деді сенбі күні денсаулық сақтау министрлігінен. Олардың төртеуі таяуда шетелде болған.
Бірінші кезеңде елге кіретін израильдіктер үшін үш күндік карантин мен екі міндетті тест енгізу туралы шешім қабылданды. Бірін - елге келгенде, екіншісін 72 сағаттан кейін тапсырады. Шетелдіктерге елге кіруге уақытша шектеу қойылды.
Чехияның Либерец қаласындағы ауруханада «Омикрон» жұқтырған бір науқас табылды, деп мәлімдеді аурухана өкілі Вацлав Рикар.
«Менің генетика мен молекулярлық диагностика бөліміндегі әріптестерім 90% ықтималдылықпен бұл штаммды секвенсинг арқылы растап отыр», - деді ол.
Сенбі күні Чехия премьері Андрей Бабиш журналистерге әйелдің таяуда Намибияда болғанын, Чехияға ОАР мен Дубай арқылы оралғанын айтты.
«Науқастың қайдан келгенін есепке ала отырып, бұның сол штамм екеніне шүбәміз жоқ», - деді Рикар.
Жұма күні кешке Ресей 28 қарашадан бастап Оңтүстік Африка, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини және Танзания, сондай-ақ Мадагаскар мен Гонконг азаматтарының кіруіне шектеу қойғаны белгілі болды.
Осыған ұқсас шараларды бірнеше еуропалық мемлекеттер мен Ұлыбритания енгізді (сенбіде Лондон тағы да «қызыл тізімді» кеңейтіп, оған Ангола, Замбия, Малави және Мозамбик кіргізді).
Дүйсенбіден бастап АҚШ Африканың бірнеше елінен ұшуға тыйым салды. Вирустың жаңа нұсқасы туралы мәлімдемесінде президент Джо Байден Дүниежүзілік сауда ұйымын ковидке қарсы вакциналарға патент алып тастауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар