Коронавирустың алдын алу: Ақмола облысында өңірлік комиссия құрылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және санитарлық – эпидемологиялық шараларды күшейту мақсатында аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімованың жетекшілігімен өңірлік комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссияның құрамына облыстық департаменттер мен басқармалардың және ведомстволардың басшылары, Көкшетау әуежайы мен теміржол вокзалының басшылары еніп отыр.

«Денсаулық сақтау жүйесінде жұқпалы аурулар станционарына науқастар түскен кезде дайындығын қамтамасыз бойыша алдын ала жұмыстар жүргізілуде.

Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалында Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және көліктегі басқармамен бірлескен оқыту-жаттығу ұйымдастырылды. Онда коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған кездегі іс - қимыл алгоритімі тексерілді.

Қытайдан келген адамдардың барлығы бақылауға алынып, 14 күн карантинде дәрігелердің бақылауында болады», - деді өңірлік комиссия төрайымының орынбасары, Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.


Соңғы жаңалықтар