Коронавирустан көз жұмған әйел шетелге шықпаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 64 жастағы әйелдің коронавирустан көз жұмғанына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдің өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған.


«Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні сағат 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Онда тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы және сонымен қатар жүретін патологиялардың болған. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен ЖРВИ-ге алдын-ала төтенше хабарлама берілген. Ол №2 Көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған», - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов Хабарда 24-те өткен тікелей эфирде.

Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар оқшаулатылып, олардан коронавирус сынамалары алынған. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар жүргізілуде.

Сүлен Ілиясов коронавирустан көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болғаны туралы жаздық.


Соңғы жаңалықтар