Коронавирустан көз жұмған 182 медқызметкердің отбасына 10 млн теңгеден тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустан жазылған 6341 медициналық қызметкерге өтемақы берілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда аймақтық комиссиялар коронавирустан көз жұмған жағдайлар бойынша жұмысты аяқтап, өтемақы төлеу бойынша өтінімдерді қабылдап жатыр. Осылайша коронавирустан келген өлімге қатысты 182 өтінім түсті. Кәсіби міндетін орындау уақытында коронавирустан көз жұмған 182 медициналық қызметкердің отбасына 10 млн теңге көлемінде әлеуметтік өтемақы тағайындалды. Осылайша Мемлекет басшысының тергеп-тексерусіз қайтыс болғандардың отбасына өтемақы төлеу туралы тапсырмасы орындалды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр сонымен қатар кәсіби міндетін атқару кезінде коронавирус жұқтырып, жазылып шыққан 6 341 медицина қызметкеріне өтемақы берілгенін мәлім етті.

«Осынау құрғақ көрінетін сандардың артында пандемия кезінде батырлық танытқан мыңдаған медициналық қызметкердің ерлігі жатыр. Қайтыс болған әріптестерімізді қайғыра еске ала отырып, олардың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар