Коронавирустан қорғану құралдарын сатып алуға қанша қаржы бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан қорғану құралдарын сатып алу үшін қанша қаржы бөлінгендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысты, несиені, бизнесті уайымдамаңыздар. Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі. Зейнеткерлерге дәрі апаруға, мұқтаж жандарға азық-түлік апаруға көмектесеміз. Бұған дейін бірнеше рет айтқанымыздай, жұмыстан босағандар немесе ақы төленбейтін демалысқа шыққандар мемлекет тарапынан төлем алады», - Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте.

Сондай-ақ, ол осындай жағдайда мемлекет тарапынан қанша қаржы бөлінгендігін айтты.

«Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға резервтен 14,7 миллиард теңге бөлді. Оған қоса дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 21, 4 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жеке қорғаныс құралдарын, дәрі және медициналық құралдар сатып алуға 10, 7 миллиард теңге қарастырылған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар