Коронавирустан қайтыс болған әйелмен өзге өңірде байланыста болғандар оқшаулануда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болға екі адам Алматы облысында оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустан қайтыс болған адаммен қарым-қатынаста болған екі адам Алматы облысында оқшауланды. Қазір ауруханада жатыр. Енді осы екі адаммен қарым-қатынаста болған тағы бес адам анықталды. Олар да дәрігерлердің бқылауында. Барлығының анализдері толық алынған. Нәтижесін күтудеміз, дайын болғанда қосымша ақпарат береміз», - Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні елімізде әйел адам коронавирус дертінен көз жұмды. Ол Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны.

Мәлім болғандай, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған.



Соңғы жаңалықтар