Коронавирустан әлем экономикасына келетін шығын $8,8 трлн-ға жетуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус салдарынан әлем экономикасына келетін шығын $5,8 трлн-нан $8,8-ға дейін көбеюі мүмкін. Мұндай болжам Азия даму банкінің сайтында жарияланды.

Болжам бойынша, егер шектеу жарты жылға созылатын болса шығын $8,8 трлн-ды құрамақ, ал $5,8 трлн - үш айдың ішінде экономика қалпына келмеген жағдайда.

Сәуірдегі бағалаумен салыстырғанда банк болжамы нашарлады – бұрын сарапшылардың есептеуінше әлем экономикасы $2-4,1 трлн аралығында зардап шегуі мүмкін еді.

Азия банкінің айтуынша, коронавирус пайда болып, кең тараған және қатаң шектеулер қойылғандықтан ішкі сұранысы бірден төмендеген елдердің экономикасы көбірек зардап шегеді. Оған қоса, экономикасы ашық мемлекеттер мен туризмге тәуелді елдер шығынға батады.

Сарапшылардың атап өтуінше, экономикалық шығынды азайтудың кілті – пандемия тәртібіне бағыну, яғни тестілеу, оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтау. Оған қоса үкімет пандемияның жағымсыз әсерін азайту үшін мұқтаж отбасылар мен мекемелерге көмек көрсетуі керек.

АДБ талдауы пандемияға нақты шаралар қолдану коронавирустың жаһандық әсерін азайтатынын көрсетті.


Соңғы жаңалықтар