Коронавирусқа шалдыққан 528 науқастың жағдайы ауыр -Денсаулық сақтау министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде коронавирус инфекциясынан 21 413 адам (20 281 КВИ+ және 1132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 964 пациент – стационарда, 14 449 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 528 адамның жағдайы ауыр,

- 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар