Коронавирусқа шалдыққан 407 науқастың жағдайы ауыр – министрлік
2022 жылғы 25 қаңтар 09:13

Коронавирусқа шалдыққан 407 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, қазір ел өңірлеріндде 154 435 адам коронавирус инфекциясынан (–152 994+ және 1 441 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 042 пациент стационарда, 144 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 407 адамның жағдайы ауыр;

- 126 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Jańalyqtar

MURAǴAT