Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде «халыққа химиялық у шашылып жатқаны» жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен.

«Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қасақана жалған ақпарат тарату қылмысы үшін жазаға тартуды көздейді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар