Коронавирусқа қатысты әлемдегі ахуал қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Колумбияда коронавирус инфекциясы анықталған пациенттер арасындағы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді.

Бұл туралы 13 маусымда елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 28 519 жаңа жағдайы тіркелгені және індеттен 586 адамның мерт болғаны расталды.

Бір тәулікте 20 539 науқас, пандемия басталғалы бері 3 477 656 адам аурудан айыққан.

Мемлекетте бүгінге дейін барлығы 3 753 224 адам коронавирустық инфекцияға шалдықса, олардың 95 778-і індеттен мерт болды.

Индонезиядағы Пеканбару қаласының билігі вакцинация қарқынын жеделдетті. Мұнда адамдарды арнайы жабдықталған автобустарда еге бастады.

Аталмыш көліктер коронавирусқа қарсы препараттың 12 мыңға дейін дозасын тасымалдайды.

Бұл күн сайын мыңнан астам адамға екпе салуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, алдағы уақытта қалада мұндай автобустардың саны артуы мүмкін.

Бүгінгі таңда аталмыш елде вакцинаның екі компонентін 12 миллионға жуық азамат салдырған.

Келесі жылы билік бұл көрсеткішті 80 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Түркияға ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

14 маусымда Ресейдің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасы бар ұшақ Анкарадағы Эсенбога халықаралық әуежайына қонды.

Түркия билігі ресейлік препараттың елде вакцинацияны тездетуге ықпал ететіндігін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы төрт күнде Түркияда 200 мың адам COVID-19 жұқтырды, жаңа аурулардың саны өсіп отыр.


Соңғы жаңалықтар