Коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін 0,5 млн акула өлтірілуі мүмкін

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу үшін жарты миллион акула өлтірілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sky News агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың жабайы табиғат жөніндегі сарапшыларының айтуынша, акуланың бауырында коронавирус вакцинасының өндірісінде қолданылатын элементтердің бірі бар. Ол «сквален» деп аталады.

Мәлім етілгендей, Британия компанияларының бірі скваленді тұмауға қарсы вакцина жасау үшін қолданады. Мамыр айында коронавирусқа қарсы вакциналарда қолданылуы ықтимал адъюванттың миллиард дозасы шығарылатыны жоспарлануда. Бір тонна скваленге шамамен 3 мың акула қажет болады.

Калифорнияда орналасқан «Shark Allies» тобының ақпаратынша, құрамында акуланың бауыр майы бар бір дозаны әр адамға беру үшін шамамен 250 мың акуланы өлтіру қажет болады. Бірақ дозаның мөлшеріне байланысты олардың саны көп болуы мүмкін.

Егер зерттеушілер болжағандай адамдарды иммундау үшін екі доза қажет болса. Өлтірілуі тиіс акулалардың саны жарты миллионға дейін артуы мүмкін. Мұндайды болдырмау үшін ғалымдар скваленді қант қамысынан жасалған синтетикалық затпен ауыстыруды сынақтан өткізуде.

Соңғы жаңалықтар