Коронавирусқа қарсы отандық екінші вакцинаның сынақ нәтижесі қашан белгілі болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық екінші вакцинаның клинкаға дейінгі сынақ нәтижесі қашан белгілі болады? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты қазір бірнеше вакцина әзірлеп жатыр. Олар сынақтың түрлі сатысында тұр. Суббірлікті екінші вакцина тиісті клиникаға дейінгі кезеңнен өтті және клиникалық сынақ басталды. Нәтиже қорытындысы бойынша ақпарат береміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, зерттеу мәліметтері құпия саналады. Тек хабарлауға болатын ақпарат пайда болған кезде ғана министрлік оны жария етеді.

«Барлық вакцина стандартты жолмен жүреді. Яғни, еріктілер клиникаға дейінгі сынақтан өтеді. Одан соң килиникалық сынақтың 1 ,2, 3 кезеңі болады. Егер барлығы қауіпсіздікке сәйкес келсе және тиімді болса, онда вакцина қолдануға жіберіледі. Вакцина қолдану сатысында төртінші кезеңнен өтеді. Өйткені, бұл осындай заңды кезең саналады. Біз бағалаудың алдын ала нәтижесін алғаннан кейін ақпарат болады», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар