Коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарына қосымша 238,7 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметке 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, алғашқы нақтылау коронавирус инфекциясымен күресуге және экономикалық белсенділіктің баяулауы жағдайында экономика мен бизнесті қолдауға бағытталған еді. Жалпы дағдарысқа қарсы шараларды және Президенттің жекелеген тапсырмаларын қаржыландыру үшін сол кезде бюджет шығыстары 1,4 трлн теңгеге ұлғайтылды. Екінші нақтылаудың міндеті COVID-19 вирусына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын жалғастыру және экономиканың нақты секторын қолдау болып саналады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министр бюджеттің екінші нақтылауының параметрлеріне толығырақ тоқталып өтті.

«Республикалық бюджет түсімдері 185 млрд теңгеге ұлғайып, 12 трлн теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5% деңгейінде сақталды. Республикалық бюджеттің шығыстары 205 млрд теңгеге өсіп, 14,5 трлн теңгені құрайтын болады. Қосымша шараларды іске асыру үшін бюджет шығыстары жалпы сомасы 296 млрд теңгеге оңтайландырылды», - деді ол.

Ерұлан Жамаубаев бюджет шығыстарын өзгерту негізінен Президент Жолдауындағы мәселелер мен басқа да тапсырмаларын орындаумен байланысты бірқатар бағытты қамтитынын жеткізді. Атап айтқанда коронавирус инфекциясымен күрес бойынша

жұмыстарға қосымша 238,7 млрд теңге бөлінді.


Соңғы жаңалықтар