Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина: Екпе алғандарда қандай реакция байқалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazCovid-іn қазақстандық вакцинасын бірінші кезеңде шамамен 2 млн доза көлемінде өндіру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцина инактивирленген вирус пен зиянсыз адъювантқа негізделген, бұл технология уақытпен тексерілген және А гепатитіне, менингококк инфекциясына, тұмауға, іш сүзегіне, кене энцефалитіне және тағы басқа да бұрыннан қолданылып келе жатқан вакциналарды өндіруде қолданылады», - деді Марат Шоранов.

QazCovid-in вакцинасын COVID-19-ға қарсы клиникалық зерттеудің I және II фазаларының нәтижесі оның қауіпсіз екенін көрсеткен. Бірлі-жарым жағдайларда вакцина енгізілген жерде қызару, аздап күйдіру, шаншу әсерлері байқалған. Бұл ағзаның иммундық жүйесінің енгізілген вакцинаға реакциясы. Аталмыш белгілер зерттеу хаттамасында күтілетін құбылыс ретінде қарастырылған.

Марат Шоранов SARS-CoV-2 вирусына қарсы вакцинаның жоғары иммуногендік белсенділігі байқалғанын атап өтті.

Еске салсақ, ғалымдар қазақстандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді.



Соңғы жаңалықтар