Коронавирусқа байланысты Еуропарламент отырысы қашықтан өткізіледі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропарламенттің пленарлық отырысы келесі аптада Бельгия мен Франциядағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтан өткізіледі. Бұл туралы 15 қазанда Еуропарламент президенті Дэвид Сассоли өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі аптада пленарлық отырыс Страсбургте болмайтындығын, бірақ біз оны қашықтан өткізетінімізді хабарлаймын», - деп жазды спикер.

Сассоли Франция мен Бельгияда эпидемиялогиялық жағдайдың күрделі екенін атап өтіп, аталған елдерге саяхаттамауға кеңес берді.

«Бірақ Страсбург Еуропарламенттің үйі болып қала береді», - деп деп сендірді ЕО заң шығарушы органының президенті.


Соңғы жаңалықтар